Боррель: АҚШ санкциялары халықаралық заңдарға қайшы
(last modified Tue, 13 Jun 2023 13:41:48 GMT )
Маусым 13, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • Боррель: АҚШ санкциялары халықаралық заңдарға қайшы

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы  басқа елдерді қолдауға мәжбүрлейтін америкалық әдіспен санкция қолдану халықаралық заңдарға қайшы екенін мәлімдеді.

Боррель еуропалық шаралар кешенін «шектеу шаралары» деп атады. Ол: «Біз ресейлік газды сатып алу және қару жасауға қажетті ресейлік электронды жабдықтарды сату сияқты кейбір әрекеттерді шектейміз. Бірақ біздің және АҚШ-тың шектеу шаралары арасында үлкен айырмашылық бар. Біздің әрекеттеріміз экстерриториялық емес.  Біз индонезиялық компаниядан біздің ережелерді сақтауды сұрай алмаймыз»,- деп мәлімдеді. Боррель сөзінің жалғасында  америкалық үлгідегі санкцияларға қарсылық білдіріп: «АҚШ барлығын оны ұстануды міндеттейді. Біз мұны халықаралық құқыққа қайшы санаймыз. Біз өз заңдарымызды үшінші елдерге қабылдауға мәжбүрлеуді дұрыс деп санамаймыз. Демек, біз үнділік компаниялардың ресейлік мұнайды сатып алуын тоқтата алмаймыз және олар мұны істеп жатыр»,- деді.