Раиси: Тәуелсіздік, бостандық және әділдік – Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгілері
(last modified Wed, 14 Jun 2023 11:39:33 GMT )
Маусым 14, 2023 17:39 Asia/Almaty
  • Раиси: Тәуелсіздік, бостандық және әділдік – Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгілері

Иран Президенті тәуелсіздік, бостандық және әділеттілікке ұмтылуды Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгісі деп тоқталып: "АҚШ біздің халқымызды санкциялар мен қоқан-лоққылармен тоқтатқысы келді, бірақ біздің халық тоқтап қана қоймай, қауіп-қатер мен санкциялардан өзіне мүмкіндік жасап, ілгерілеуге қол жеткізді",- деп мәлімдеді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, Сейед Ибрахим Раиси жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні түстен кейін Никарагуа Президенті Даниэль Ортеганың қарсы алу рәсімінен кейін никарагуалық жастар тобы ортасында  Иран Ислам революциясы мен Никарагуа революциясының бір мезгілде жеңіске жетуіне және осы екі революцияның өзара ықпалына сілтеме жасап, екі елдің империализммен күресінің ұлттық қаһармандарына құрмет көрсетті.

Иран Президенті Никарагуа халқының үстемдікке қарсы тұруын осы елдің жеңісінің сыры деп атап, тәуелсіздік, бостандық және әділеттілікке ұмтылу Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгісі екеніне назар аудартып: "Иран Ислам Республикасы халық демократиялық жүйе болып табылады және Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 44 жылда халықтың дауысы әрқашан Ислам республикасының барлық институттарын қалыптастырды",- деді. Ол америкалықтардың ДАИШ-ты құрудағы рөлі мен Ислам Республикасының лаңкестікпен күресудегі саясатына тоқталып: «Олар лаңкестікпен күресеміз деп мәлімдейді, бірақ лаңкестікпен күрестің қаһарманы Хадж Қасем Сүлейманиді шәһид етті",- деп баса айтты.

Никарагуа Президенті Даниэль Ортега да осы рәсімде Иран мен Никарагуа революцияларының бір мезгілде болғанына тоқталып, екі елдің революцияларының диктаторлардың, әсіресе АҚШ үстемдігіне қарсы күресте күшті тамыры бар екенін  қуаттады. Сөзінің қорытынды бөлімінде Ортега екі елдің ұлттық қаһармандарын мадақтап, қажы Қасем Сүлейманиді шәһид етудегі америкалықтардың қылмысын айыптап, лаңкестікпен күресте ирандық қаһарманның құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.