Украинаның Қырымға дронмен жасаған шабуылы жеңіліс тапты
https://itolqyn.com/news/world-i70416
Қырым түбегінің қолбасшысы Украина армиясының осы аралға дронмен шабуылы жеңіліс тауып, ұшқышсыз ұшақтардың құлатылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2023 16:49 Asia/Almaty
  • Украинаның Қырымға дронмен жасаған шабуылы жеңіліс тапты

Қырым түбегінің қолбасшысы Украина армиясының осы аралға дронмен шабуылы жеңіліс тауып, ұшқышсыз ұшақтардың құлатылғанын хабарлады.

Украина басшылары жуырда: "Біздің қарсы шабуылдарымыздың түпкі мақсаты – Қырымды Ресейден қайтарып алу",-деп мәлімдеді.

Қырым түбегінің қолбасшысы: "Украина армиясының 9 ұшқышсыз ұшағы Ресейдің аталмыш түбектегі позицияларына шабуыл жасады, бірақ жеңіліс тапты. 6 дрон құлатылды. 3 дрон кедергі тудыратын аппараттардың арқасында істен шығарылды",-деп хабарлады.  

Украина Президенті Володимир Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жуков CNN телеарнасына берген сұхбатында: "Украинаның қарсы шабуылдарының басты мақсаты – барлық жерлерді, соның ішінде Қырымды Ресейден қайтарып алу",-деді.

Украина мен Ресей арасында, әсіресе Украинаның оңтүстігінде қақтығыстар күшейген жағдайда Киев үкіметі Ресейдің позицияларына қарсы шабуыл жасап, өз жерлерін қайтарып алуды көздеп отырғанын бірнеше рет мәлімдеді.