Иранның Үндістанға тауар экспорты 6 пайызға артты
https://itolqyn.com/news/world-i70426
Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрлігі 2023 жылдың алғашқы айларында Ираннан Үндістанға тауар экспортының 6 пайызға артқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 15, 2023 19:01 Asia/Almaty
  • Иранның Үндістанға тауар экспорты 6 пайызға артты

Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрлігі 2023 жылдың алғашқы айларында Ираннан Үндістанға тауар экспортының 6 пайызға артқанын хабарлады.

Иран 2023 жылы қаңтар-сәуір айларында Үндістанға 257 млн долларға тауар экспорттады.  

Мұнай өнімдері, бояу жасауға қажетті шикізаттар мен түрлі жеміс-жидектер ең маңызды ирандық экспорттық тауарлардың қатарына жатады.

Үндістан Сауда және өнеркәсіп министрлігінің жаңа статистикасы көрсеткендей, осы елдің Иранмен сауда айналымының көлемі биылғы жылдың 4 айында 702 млн долларға жетті. Күріш, жеміс-жидек пен шай осы аралықта Үндістаннан Иранға экспортталған ең маңызды тауарлар болды.