Раиси: Иран мен Кубаның әріптестігі үстемшілдердің сағын сындырады
Иран Президенті АҚШ пен басқа зорлықшыл алпауыттардың тәуелсіз халықтардың күш-қуатына қарсы ештеңе істей алмайтынын айтып: "Иран мен Кубаның әріптестігі тәуелсіз халықтарға үміт сыйлап, үстемшілдердің сағын сындыра алады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Кубаға ресми сапары барысында екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында Иран халқының барлық қастандықтарға қарсы тұрып келе жатқанын, ауқымды қысымдар мен санкцияларға қарамастан, даму жолын тоқтатпай, АҚШ-тын санкцияларын жеңіліске ұшыратқанын айтып: "ИИР санкцияларға қарсы тұруда әсерлі жолдардың бірі тәуелсіз елдермен жақын әрі ауқымды қарым-қатынас орнату деп біледі",-деді.
Куба Президенті Мигел Диас-Канел де осы отырыста Раисидің Латын Америкасы аймағына сапарына тоқталып: "Сіздің сапарыңыздың мақсаты болған үш елдің Иран революциясымен мағыналы байланысы бар",-деді.
Венесуэла, Никарагуа, Куба және Иран – империалистердің ішкі іске араласу әрекеттері және санкцияларына табанды қарсы тұрып келе жатқан елдер. Бұл – сапар тәуелсіз өмір сүргісі келетін елдер арасындағы ниеттестіктің белгісі.