Амир Абдуллахиан Кувейт Сыртқы істер министрімен кеңесті
(last modified Thu, 22 Jun 2023 10:27:24 GMT )
Маусым 22, 2023 16:27 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Кувейт Сыртқы істер министрімен кездесуінде екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық өзгерістер жайлы сұхбаттасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парсы шығанағы елдеріне сапарының үшінші мақсатында Кувейтке барған Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні шейх Салем Абдулла әл-Джабер әл-Саббахпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас және кейбір аймақтық мәселер туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, Иран Сыртқы істер министрі  Кувейттің Премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Бұл – Амир Абдуллахианның Иран Сыртқы істер министрі ретінде Кувейтке жасаған алғашқы сапары.

Амир Абдуллахиан бұған дейін Катар мен Оманға барып, осы елдің лауазымды тұлғаларымен екіжақты қарым-қатынастың түрлі қырларын талқылап, аймақтың жағдайы және халықаралық өзгерістер туралы кеңесті.