Қазақстан Астана келіссөздерін аяқтауға ұсыныс жасады
(last modified Thu, 22 Jun 2023 11:40:28 GMT )
Маусым 22, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Қазақстан Астана келіссөздерін аяқтауға ұсыныс жасады

Иран, Ресей мен Түркияның Сирия туралы келіссөздерін ұйымдастыратын Қазақстан "Астана үдерісі" келіссөздерін аяқтауға ұсыныс жасады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш сәрсенбі күні "Астана үдерісі" келіссөздерін аяқтауға ұсыныс жасап: "Бұл келіссөздердің мақсаты орындалды",-деді.

Қанат Тумыш: "Сирияның аймақта оқшаулықтан біртіндеп шығып келе жатқанын Астана келіссөздерінің өз міндетін орындағанының белгісі деп санауға болады. Сирия араб жанұясына қайтып оралғанын ескеріп, біз Астана үдерісінің 20-шы отырысын соңғы отырыс деп жариялауды ресми түрде ұсынамыз",-деді.

Иран, Ресей мен Түркия "Астана үдерісі" отырысының аяғында ортақ мәлімдемеде жасап, Сирияға қатысты 21-ші халықаралық отырысты 2023 жылдың екінші жартысында өткізуге келіскенін айтқан жағдайда Қазақстан осындай ұсыныс жасады.