«Вагнер» басшысының  даулы мәлімдемелерінен кейін Мәскеуде қатаң қауіпсіздік шаралар күшейтілді
(last modified Sat, 24 Jun 2023 11:11:33 GMT )
Маусым 24, 2023 17:11 Asia/Almaty
  • «Вагнер» басшысының  даулы мәлімдемелерінен кейін Мәскеуде қатаң қауіпсіздік шаралар күшейтілді

«Вагнер» қарулы тобының басшысы Евгений Пригожиннің даулы мәлімдемелерінен кейін Ресей астанасы Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Iran Press-тің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бүгін, сенбі күні таңертең ТАСС ақпарат агенттігіне хабардар дереккөз: «Мәскеуде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Барлық маңызды нысандар мен мемлекеттік және көлік инфрақұрылымы күшейтілген қорғаныста. Ресей Ұлттық ұланының арнайы бөлімшелері толық дайындықта»,- деді.

«Вагнер» қарулы күштерінің басшысы Евгений Пригожин жұма күні ешқандай дәлел келтірместен Ресей армиясы Вагнердің 2000 әскерін өлтірді деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуге қоқан-лоққы көрсетіп, Мәскеудің Қызыл алаңында дарға асылатынын айтты. Ресей билігінің Пригожинді қарулы бүлік ұйымдастырды деп айыптап, үстінен іс қозғағаны айтылады. Бұл ретте Ресейдің Украинадағы әскери операциялары жөніндегі орынбасары генерал Сергей Суровикин Вагнер әскерлерінен әскерге қарсы тұруды тоқтатып, базаларына оралуды сұрады. Сондай-ақ Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Вагнер күштерінен түзелмейтін қателік жасамауды және Пригожиннің опасыз және қылмыстық бұйрықтарын орындамауды талап етті. Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитеті де жұма күні кешке: «Вагнер» қарулы тобының басшысы Пригожин оған қарсы қарулы көтеріліске шақырғаннан кейін Ресей қауіпсіздік қызметі қылмыстық топ құрды»,- деп хабарлады. Ресей Бас прокуратурасы да Пригожинге қатысты іс қозғалғанын растап, оның әрекетіне тиісті құқықтық жауап берілетінін хабарлады. Пригожин кінәлі деп танылса, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.