Путин: Елдегі ішкі сатқындықтың куәсі болып отырмыз
(last modified Sat, 24 Jun 2023 12:46:31 GMT )
Маусым 24, 2023 18:46 Asia/Almaty

«Вагнер» тобының күштері мен Ресей армиясы арасындағы шиеленістерге алғашқы қоғамдық жауапта Ресей президенті елдің «ішкі сатқындықпен» бетпе-бет келгенін мәлімдеді.

 

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин осы сенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде дұшпандардың қиянатын туғызатын келіспеушіліктерді біржола тоқтатуға шақырды.

Бұл сөзінде Ресей Президенті "Вагнер" тобының «бүлігін» Украинадағы шайқаста қаза тапқан күштердің ісіне опасыздық деп таныстырды. Путин: «Вагнер жауынгерлеріне Ресей ауыр соғыс алдында тұрған кезде қылмыстық авантюраға берілмеуді ескертемін. Қарулы көтеріліс – арқадан пышақ, біз өзімізді қорғаймыз»,-деп баса айтты.

Ресейдегі қазіргі  қарулы көтерілістің ұйымдастырушыларын залалсыздандыру үшін қажетті бұйрықтардың шығарылуына тоқталып, ол: «Бұл қарулы көтеріліске біз қатаң жауап береміз. Біз Мәскеуде және бірқатар облыстарда лаңкестікке қарсы режимді жарияладық және Ростовтағы тұрақтылықты қалпына келтіру үшін шаралар қабылданады», - деді.

"Вагнер" әскерлерінің және осы күштердің қолбасшысының ұстанымдары мен әрекеттерін айыптай отырып, Ресей Президенті: «Жеке мүдделер елге опасыздық жасауға әкелді, ал біз елімізді және өз азаматтарымызды қорғаймыз. Кез келген ішкі толқу – елге төнген өлім қаупі және орыс халқының бетінен ұрған шапалақ», - деді.