ШЫҰ саммиті басталды, Иран мүше болып қосылды
Үндістан Премьер-министрі Шанхай саммитінің ашылу сөзінде Иранның осы ұйымға жаңа және ресми мүше ретінде қосылуын құптады.
Бүгін, сейсенбі, 4 шілдеде Үндістанның ұйымдастыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 23-ші саммиті бейнеконференция түрінде басталды.
Иран Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди сейсенбі күні ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде Иранды Шанхай ұйымының жаңа мүшесі ретінде атап өтіп, Иранды құттықтады. Үндістанның Премьер-министрі ашылу отырысында былай деді: "Иран халқы мен Иран Президенті Ибрахим Раисиге жақсылық тілеймін, өйткені Иран қазір ресми түрде Шанхай ұйымының ресми мүшесі ретінде қабылданды". Нарендра Моди өз сөзінде Шанхай ұйымының мүшелеріне қатысты жаһандық сын-қатерлерге тоқталып, мүше елдердің сын-қатерлері ретінде азық-түлік қауіпсіздігі, отын дағдарысы және ауыл шаруашылығы мәселелерін атады. Сондай-ақ ол Үндістанды алаңдататын басты мәселелердің бірі ретінде Ауғанстан мәселесін атап өтіп, осы ұйым мүшелерінен Ауғанстан мәселесін жан-жақты талқылауды сұрады.