Амир Абдуллахиан Ильхам Әлиевпен кездесті
(last modified Wed, 05 Jul 2023 12:06:09 GMT )
Шіл 05, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Ильхам Әлиевпен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше кешкісін Қосылмау қозғалысына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Әзірбайжанның   астанасы Бакуге келді. Бүгін түске дейін (5 шілде, сәрсенбі) Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті және әңгімелесті.

Бакуге келгеннен кейін Сыртқы істер министрі Twitter-де: «Мен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Әзірбайжан Республикасына бардым. Мүше елдердің әртүрлілігіне байланысты Қосылмау қозғалысы жаңа жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін көпжақтылықты және ортақ ойлауды нығайтуға ерекше мүмкіндікке ие»,- деп жазды. Дипломатиялық қызмет басшысы бұл сапарды өңірдегі көршілік саясатын жүргізуге және дамытуға мүмкіндік деп атады.