Америкалық коммунистер бұл елдің туын өртеп жіберді
(last modified Thu, 06 Jul 2023 13:30:36 GMT )
Шіл 06, 2023 19:30 Asia/Almaty

Америка тәуелсіздігінің мерейтойымен бір мезгілде осы елдің «Революциялық коммунистік» партиясының бір топ мүшелері Филадельфия қаласындағы Тәуелсіздік залының алдына жиналып, мемлекеттік туды жыртқаннан кейін оны өртеп жіберді.

Бұл саяси топ та Израильдің Дженин босқындар лагеріне шабуылын айыптап, АҚШ империализмінің сионистік режимге қолдау көрсетуін тоқтатуды талап етті. Киберкеңістікте жарияланған бейнелерге қарағанда, ел туын жағып жатып, конституцияның көшірмелеріне де қызыл бояу шашып, социалистік республика құруды талап еткен.