Лондондағы сионистік елшілік алдында «Израильге өлім» деген ұран айтылды
(last modified Thu, 06 Jul 2023 13:32:57 GMT )
Шіл 06, 2023 19:32 Asia/Almaty

Сионистік режимнің Дженин лагеріндегі палестиналықтарға қарсы қиян-кескі қылмыстарына қарсы шыққан жүздеген адам сәрсенбі күні кешке осы режимнің Ұлыбританиядағы елшілігінің алдына жиналып, «Израильге өлім» деп айқайлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл шеруге қатысушылар Израильге қарсы ұрандар айтып, Палестинада басып алу, зорлық-зомбылық және апартеидті тоқтатуды талап етті. Олар Палестина тулары мен басқыншыларға қарсы ұрандармен Палестина жерінің азаттығын  талап етті.

Сионистік режим дүйсенбі күні таңертеңнен бері Дженин қаласы мен лагеріне жерден және әуеден шабуыл жасап, бомбалады, нәтижесінде 13 палестиналық шәһид болып, тағы 117 адам жараланды.