Гросси Агенттіктің Иранмен ынтымақтастығын жалғастыратынын хабарлады
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Рафаэль Гросси жұма күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында: «Агенттіктің Иранмен ынтымақтастығы жалғасуда»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА Бас директоры Иранмен ынтымақтастықты жалғастыру туралы хабарлап, сонымен бірге осы халықаралық ұйымның Иранмен келіссөздерінде ерекше өзгеріс болмағанын алға тартты.
Ол АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуы мен еуропалық тараптардың міндеттемесін орындамауына сілтеме жасамай, осы келісімнің орындалу жағдайын «қиын» деп сипаттады және былай деді: «Қазіргі уақытта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруды қайта бастауға күш салу тоқтатылды. Сондықтан бұл салада көп өзгеріс болмайды».