Ресей азаматтары арасында Путиннің танымалдылығы артты
Сауалнама нәтижесі Ресей президентінің танымалдылығының артқанын көрсетеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Левада орталығының сауалнамасы келесі наурызда өтетін сайлау қарсаңында Ресей халқының 68 пайызы Путиннің билікте қалуын қалайтынын және оны қолдайтынын көрсетті.
Бұл сауалнамада Путинді қолдаудың ең аз мөлшері 18 бен 24 жас аралығындағы топқа бөлінді және бұл жастар тобы сайлауда Путиннің кандидатурасына ең көп қарсылық танытқан. 55 жастан жоғары жастағылар тобы қазіргі президентті 75% оң пікірмен ең көп қолдады. Тағы бір назар аударарлық жайт, Путинді қолдаушылардың 85 пайызы елдің дұрыс бағытта келе жатқанын айтқан. Бұл ретте 34 пайызы ел дұрыс жолда емес деп есептейтін жағдайда оны қолдаған.