Кремль: Біз Украинаның кассеталық бомбаларды қолдануына  қарсы шара қолданамыз
https://itolqyn.com/news/world-i71062
Батыстың Украинаға берген қауіпсіздік кепілдіктерін қате сипаттай отырып, Кремль өкілі бұл кепілдіктер Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғушылық және Еуропаны одан да қауіпті орынға айналдыратынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 13, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Кремль: Біз Украинаның кассеталық бомбаларды қолдануына  қарсы шара қолданамыз

Батыстың Украинаға берген қауіпсіздік кепілдіктерін қате сипаттай отырып, Кремль өкілі бұл кепілдіктер Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғушылық және Еуропаны одан да қауіпті орынға айналдыратынын айтты.

 

Дмитрий Песков Кремльде өткен баспасөз мәслихатында: «Егер Украина кассеталық бомбаларды қолданса, біз қарсы шара қолданамыз» деп ескертті.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол Литвада өткен Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) саммитінің нәтижелері туралы да: «Украинаға қатысты Батыстың қауіпсіздік кепілдігі Ресейдің қауіпсіздігін бұзу болып табылады және Еуропаны одан да қауіпті орынға айналдырады",- деді.