Украинаның екі ұшқышсыз ұшағы Қырым көпіріне шабуыл жасады
(last modified Mon, 17 Jul 2023 14:06:08 GMT )
Шіл 17, 2023 20:06 Asia/Almaty
  • Украинаның екі ұшқышсыз ұшағы Қырым көпіріне шабуыл жасады

Ресей Сыртқы істер министрі Украинаның екі ұшқышсыз ұшағының Қырым көпіріне шабуыл жасағанын хабарлап: "АҚШ пен Ұлыбритания да осы шабуылға ақпарат алмасу тұрғысынан қатысты",-деді.

Қырым түбегінің басшылары: "Осы шабуыл салдарынан 2 адам қаза тауып, 1 бала жараланды",-деп мәлімдеді.

Ресейдің Жол министрлігі Қырым көпірінде қозғалыстың тоқтатылғанын айтып: "Қырым көпіріндегі жол бұзылды, бірақ оның бағандарына зиян тимеді",-деді.  

Al-Jazeera арнасының украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бүгін таңертең Қырым көпірінде болған жарылысты Украина армиясының теңіз күштері мен қауіпсіздік күштері ұйымдастырған. Былтыр күзде де Украина осы көпірге шабуыл жасаған болатын.

Қырым көпірі 2014 жылы өткен референдум нәтижесінде Ресейге қосылған Қырым түбегін Ресеймен байланыстырады.