Шіл 20, 2023 19:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Оман барлық тараптарды

Иран Сыртқы істер министрі омандық әріптесімен кездесуі туралы: "Маскат үкіметі барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қайтару үшін көзқарастарды жақындатуға тырысып жатыр. Осыған қатысты Оман тарапынан бастамалар көтерілді. Соларды талқылап, пікір алмастық",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Оман Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамд әл-Бусаидтың Теһранға сапары және екіжақты кездесуде талқыланған тақырыптар туралы: "Өткен бір жылда екі ел басшыларының екі кездесуі барысында қол қойылған келісімдердің орындалу барысы талқыланды",-деді.  

Амир Абдуллахиан: "Парсы шығанағы маңындағы елдердің диалогы және аймақтық ынтымақтастық ұйымын құру (Иран мен Ирактың 6 оңтүстік көршісі мен 2 солтүстік көршісі) туралы ұсыныс жасадық. Йемен де осы ұйымға қосылуы мүмкін. Омандық әріптесіммен кездесуде осы ұйымның жұмысы жайлы сұхбаттастық",-деді.  

Тегтер