Аймақтағы кейбір елдер Иранда ұшақ жөндетуге өтініш жасады
Шіл 20, 2023 21:03 Asia/Almaty
Qeshm Air әуе компаниясының директоры кейбір көршілес елдердің Иранда техникалық қызмет алып, ұшақ жөндетуге өтініш жасағанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рамин Хамза аталмыш өтініш туралы: "Өтінішті қабылдауға қажетті нәрселердің бірі – осы елдердің ұшақтарын күрделі жөндеуден өткізуге қолайлы шеберханалардың болуы",-деді.
Рамин Хамза: "Өткен бірнеше айда көршілес елдерден Иранға ұшақ жөндетуге өтініштер түсті. Тиісті шеберханалар болған жағдайда көршілес елдердің ұшақтарын күрделі жөндеуден өткізуге болады",-деді.
Qeshm Air әуе компаниясының директоры: "Fokker 100 мен RJ ұшақтарын күрделі жөндеуден өткізуге лицензия ала аламыз",-деді.
Тегтер