Ресейдің кейбір өңірлерінде исламдық банк қызметі сынақтан өтеді
(last modified Thu, 20 Jul 2023 16:50:05 GMT )
Шіл 20, 2023 22:50 Asia/Almaty
  • Ресейдің кейбір өңірлерінде исламдық банк қызметі сынақтан өтеді

Ресей Думасы сәрсенбі күні осы елдің кейбір өңірлерінде сынақ ретінде исламдық банк қызметінің құқықтық мәртебесі туралы заң жобасын бекітті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы заң жобасы Башқұртстан, Татарстан, Шешенстан мен Дағыстан республикаларында сынақтан өткізіледі. Ресей үкіметі мен орталық банкі келісетін болса, бұл сынаққа басқа өңірлер қосылуы мүмкін.

Бұл заң жобасы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 2 жыл бойы сынақтан өтеді. Ресей үкіметі мен орталық банкі мерзімді ұзарта алады.

Ресей Думасының қаржы нарықтары комитетінің басшысы Анатолий Аксаков бұдан бұрын: "Ресейде исламдық банк қызметі туралы заңды бекіту ислам елдерімен ортақ жобаларға 11-14 млрд доллар инвестиция тарта алады",-деді.