Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Орта Азия саммитының қорытынды мәлімдемесі
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Орта Азия саммиты Сауд Арабиясының Джидда қаласында сәрсенбі күні кешке қорытынды мәлімдеме жасаумен аяқталды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Орта Азия елдерінің басшылары осы мәлімдемеде саяси және стратегиялық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын баса айтты.
Бұл мәлімдемеде сондай-ақ екі аймақ арасында тасымал жолдарын дамыту және мықты логистикалық-коммерциялық желілер құру керегі баса айтылған.
Осы біркүндік саммитке Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің басшылары мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары қатысты.
2022 жылы қыркүйекте Эр-Риядта өткен "Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Орта Азия елдері басшыларының стратегиялық диалогы" атты алғашқы ортақ отырыстан кейін осы саммит ұйымдастырылды.