Путин: Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украинаның контр-шабуылынан күдер үзді
https://itolqyn.com/news/world-i71236
Ресей Президенті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің жиналысында: "Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украина армиясының контр-шабуылынан шынымен күдер үзді",-деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 21, 2023 22:48 Asia/Almaty
  • Путин: Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украинаның контр-шабуылынан күдер үзді

Ресей Президенті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің жиналысында: "Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украина армиясының контр-шабуылынан шынымен күдер үзді",-деп баса айтты.

Russia Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин осы жиналыста: "Украина армиясын батыстық қару-жарақпен қамтамасыз ету аяқталып келеді. Технологиялық қарым-қабілеттер оларды тез толтыруға кедергі жасап отыр",-деді.

Бұған дейін  Батыс елдерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина контр-шабуылының алғашқы екі аптасында Киев майданға жіберген қару-жарақтардың кем дегенде 20 пайызы жойылды.  

Ресей Президенті: "АҚШ саясаткерлері Украинада қақтығыстардың ұзаққа созылуынан пайда көреді, бірақ Украина халқының қырағылығы күн өткен сайын артып келеді. Еуропадағы қоғамдық пікір де өзгерді",-деді.