Амир Абдуллахиан: Құранға құрметсіздік білдіргендер қамауға алынып, сотталуы керек
Иран Сыртқы істер министрі швед әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде осы елде Құранға құрметсіздік білдіргендер қамауға алынып, сотталуы керектігін баса айтты.
Iran Press-тің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Тобиас Биллстромның телефон қоңырауына жауабында: «Қасиетті Құран Кәрімге және басқа да илаһи діндердің қасиетті кітаптарына кез келген жерде, кез келген адамның және кез келген жағдайда құрметсіздік білдіру қатаң айыпталады. Сөз бостандығын сылтауратып бұл әрекеттерді қайталау қабылданбайды және оны ақтауға болмайды. Швеция мұндай екіжүзділік пен зорлық-зомбылықты насихаттауды тоқтатуы керек, оның салдары терең. Ибраһимдік діндердің және басқа да қасиетті кітаптарға құрметсіздік жасалса, айыпталумен қатар басқа, заңсыз әрекет жасағандар тұтқындалып, сотталуы керек»,- деп мәлімдеді.
Швеция Сыртқы істер министрі де осы телефон қоңырауында Швеция үкіметінің мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруді айыптайтынын мәлімдеді.