Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Сербия Парламентінің төрағасымен кездесті
(last modified Sun, 23 Jul 2023 16:13:00 GMT )
Шіл 23, 2023 22:13 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Сербия Парламентінің төрағасымен кездесті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран мен Сербия арасында халықаралық деңгейде өте жақсы үйлесім мен ортақ позиция бар. Кейбір қысымдарға қарамастан осы ынтымақтастықты одан ары жалғастыру керек",-деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф Сербия Парламентінің төрағасымен кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз отырысында: "Екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы мемлекеттік және жеке секторларда қарым-қатынасты жеңілдетуге жақсы әсер етеді. Иран мен Сербияның парламентаралық достық топтары екі ел үшін осындай мүмкіндік тудырады",-деді.  

Сербия Парламентінің төрағасы да екі елдің барлық салаларда қарым-қатынасын дамыту керегін құптап, ИИР-дың Сербияның аумақтық тұтастығын қолдап, Косовоны ресми түрде танымағанына алғыс айтып, мұны әділет пен халықаралық құқық жағында тұру деп атап: "Косово мен Матохиядағы сербтердің жағдайының ауырлығына қарамастан, біз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға талпынып жатырмыз",-деді.