Амир Абдуллахиан Армения Сыртқы істер министрін қарсы алды
(last modified Mon, 24 Jul 2023 10:48:20 GMT )
Шіл 24, 2023 16:48 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Теһранда Армения Сыртқы істер министрін қарсы алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, армян делегациясын бастап Теһранға келген Арарат Мирзоян Амир Абдуллахианмен кездесіп, сұхбаттасты.

Амир Абдуллахиан мен Арарат Мирзоян екіжақты қарым-қатынас, өзара әріптестікті дамыту және аймақ пен әлемнің маңызды тақырыптары жайлы пікір алмасты.

Иран мен Армения Сыртқы істер министрлері осы кездесуден кейін оның нәтижелері туралы бірлескен брифинг өткізеді.

Тегтер