Ресей мен НАТО текетіресінің жаңа қыры: "Вагнер" содырлары Польшаға басып кіргісі келеді
Украина соғысы жалғасып, НАТО-ға мүше елдер, әсіресе АҚШ пен Польша сияқты шығыс мүшелерінің Украинаға көмегі бұрын-соңғы болмаған деңгейге жеткеннен кейін енді Мәскеудің одақтасы Беларусь Польшаға қарсы жаңа қоқан-лоқы жасады. Егер бұл қоқан-лоқы орындалса, Ресей мен НАТО тікелей қақтығысатын болады.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко жексенбі күні: "Вагнер" әскери тобы Беларусь үкіметіне Польшаға кіруге мүмкіндік бер деп қысым жасап жатыр",-деді.
Лукашенко жексенбі күні Санкт-Петербургте Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп: "Вагнер" күштері бізге қысым жасап жатыр. Олар Батысқа барғымыз келеді дейді. Бізге рұқсат беріңдер деп жатыр. Олардан Батысқа не үшін барғыларың келеді деп сұрадым. Варшаваға, Жешувқа барғымыз келеді деп айтты",-деді.
Лукашенко: "Келісімге сәйкес "Вагнер" күштерін Беларусьтың орталық бөлігінде ұстап отырмын. Оларды Польшамен шекараға жақын маңға тасымалдағым келмейді",-деді.
"Вагнер" күштері маусым айының соңында жасаған бүліктен кейін Лукашенконың араласуымен Беларусьқа тасымалданды. Олар қазір Беларусь күштерін дайындап жатыр.
Лукашенконың бұл сөзі – шын мәнінде Польшаға жасалған ескерту. Жуырда Польша өзінің әскери күштерін шекараға жақын маңға орналастыру арқылы Беларусьқа қарсы арандатушы әрекеттер жасады. Мұнымен бір мезгілде Польша Киевтің батысшыл үкіметінің ынталандыруымен Ресеймен соғысты жалғастыру үшін Украинаға ауқымды әскери көмек жасап, қару-жарақтар жіберді. Шын мәнінде Ресеймен тарихи жауластығы бар Польша қазіргі таңда Украинаны пайдаланып Ресеймен қақтығысып жатыр.
АҚШ бастаған НАТО Литваның астанасы Вильнюс қаласында өткен саммиттен кейін Ресеймен соғыста Украинаға жан-жақты әскери қолдауды одан ары жалғастыруға шешім қабылдады. НАТО мүшелерінің Украинаға әскери көмегі украин күштерінің елдің шығысында жүргізіп жатқан контр-шабуылдарында маңызды рөл атқарады.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, 4 маусымнан бастап Украина Қарулы күштері контр-шабуылдарда 26 мыңнан аса әскери қызметкері мен 3 мыңнан аса әскери құрал-жабдығынан айырылды.
Тіпті Батыстың ақпарат құралдары: "Украинаның контр-шабуылдары біз күткеннен әлдеқайда баяу жүзеге асырылып жатыр. Әскери сарапшылар жуырда Ресейдің қорғаныс шебін бұзып, осы ел басқарып тұрған жерлерге қол жеткізету мұрсатынан айырылады деп ескертті",-деп мойындады.
Ресейдің "Шайқас орталығының" қолбасшысы Андрей Мордвичев жексенбі күні: "Украина армиясы тек тамыз айының соңына дейін ғана контр-шабуылдарын жалғастыра алады. Оларда тек тамыз айының соңына дейін жететін күш бар. Қыста олар ештеңеге қол жеткізе алмайды",-деді.