Путин Ресейде жынысын ауыстыруға тыйым салатын заңға қол қойды
(last modified Tue, 25 Jul 2023 11:17:47 GMT )
Шіл 25, 2023 17:17 Asia/Almaty
  • Путин Ресейде жынысын ауыстыруға тыйым салатын заңға қол қойды

Ресей Президенті трансгендерлердің Ресейде бала асырап алуына тыйым салатын заңға қол қойды.

 

Ресей Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Евгения Котова РФ Кеңесінің Әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің отырысында аталған заңды қарау барысында 2018-2022 жылдар аралығында азаматтық хал актілерін тіркеуде екі мыңнан астам жынысты ауыстыру жағдайы тіркелгенін айтты.

Бұл заң конституциядағы азаматтардың құқығын бұзбайды. Бұл заң бойынша ерлі-зайыптылардың бірі жынысын өзгертсе, олардың некесі бұзылады. Бұл заң жынысын бұрын ауыстырған адамдарға қолданылмайды. Бұл заңда тұқым қуалайтын аурулар мен бездердің ауруларына байланысты медициналық істер қарастырылмаған, егер медициналық комиссия мақұлдаса, мұндай жағдайларда жынысты өзгертуге болады.