Ресей: Бір күнде 34 украин танкі мен броньды техникасы жойылды
https://itolqyn.com/news/world-i71378
Өткен тәулікте Украина армиясының 24 танкінің жойылғанына сілтеме жасай отырып, Ресей Қорғаныс министрлігі қарсы шабуылдар кезінде Киев режимінің 500-ге жуық сарбазының да қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Шіл 27, 2023 16:53 Asia/Almaty
  • Ресей: Бір күнде 34 украин танкі мен броньды техникасы жойылды

Өткен тәулікте Украина армиясының 24 танкінің жойылғанына сілтеме жасай отырып, Ресей Қорғаныс министрлігі қарсы шабуылдар кезінде Киев режимінің 500-ге жуық сарбазының да қаза тапқанын хабарлады.

 

Ресей Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: «Өткен тәулікте Украина күштері Донецк, Красный Лиман және Донецктің оңтүстігіндегі осьтердегі шабуылдарын жалғастырды»,- деді. Ресей Қорғаныс министрлігі 3 батальонмен украиндық әскерилер Орехов осіне қарқынды шабуыл жасағанын, бірақ барлық шабуылдардың тойтарыс бергенін және ресейлік күштердің позициялары сақталғанын айтып, былай деді: «Донецк республикасының Белогоровка, Северное, Марьинка және Водное қалаларының аудандарында жаудың Донецк осіне жасалған төрт шабуылына тойтарыс берілді. Орехов осіндегі шайқаста 22 танк пен 10 украиналық жауынгерлік техника жойылып, 100-ден астам киевтік жауынгер қаза тапты».