Амир Абдуллахиан Теһранда Сирия делегациясын қарсы алды
Сирияның саяси-экономикалық делегациясын Теһранға бастап келген осы елдің Сыртқы істер министрі бүгін ИИР СІМ-де өзінің ирандық әріптесімен кездесті.
Делегация құрамында Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад, Сыртқы сауда министрі Самер әл-Халил мен Ақпарат және технология министрі Айяд әл-Хатиб бар. Олар ИИР Президенті Ибрахим Раисидің Сирияға сапарында талқыланған тақырыптарды пысықтау үшін Теһранға келді.
Раисидің сәуір айында Сирияға жасаған сапарында екі елдің жоғары лауазымды басшылары сауда, мұнай, энергетика, инженерлік-техникалық қызметтер, тұрғын үй, темір жол және әуе тасымалы, еркін аймақтар, жеке сектор, ақпарат және технология, жер сілкінісі және құтқару жұмыстары, зияратты жеңілдету салаларында 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды.