Ресей: Украина соғысында ядролық қарулар қолданылуы мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i71462-Ресей_Украина_соғысында_ядролық_қарулар_қолданылуы_мүмкін
Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары: "Украинаның контр-шабуылдары Ресейдің бақылауындағы өңірлерді басып алуға ұласса, Мәскеу Киевке қарсы тұру үшін ядролық қаруларын пайдалануға мәжбүр болады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 31, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • Ресей: Украина соғысында ядролық қарулар қолданылуы мүмкін

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары: "Украинаның контр-шабуылдары Ресейдің бақылауындағы өңірлерді басып алуға ұласса, Мәскеу Киевке қарсы тұру үшін ядролық қаруларын пайдалануға мәжбүр болады",-деді.

Дмитрий Медведев: "Ресей өз территориясына қауіп төнетін болса, өзін қорғау үшін ядролық қару қолдана алады",-деді.

Киев үкіметі Ресей басып алған өңірлерді қайтарып алуға талпыныс жасап жатқан кезде Дмитрий Медведев осындай ескерту жасады.

Украина Президенті: "Ресейге дрондар шабуылы жалғаса түссе, соғыс осы елдің территориясына ауысады",-деді.