Иран Ислам ынтымақтастық ұйымының отырысында Құранды қорлауға қарсы күресуге бағытталған ұсыныстар айтты
(last modified Wed, 02 Aug 2023 13:32:52 GMT )
Там 02, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Иран Ислам ынтымақтастық ұйымының отырысында Құранды қорлауға қарсы күресуге бағытталған ұсыныстар айтты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің шұғыл отырысында Құранды қорлауға қарсы күресуге бағытталған ұсыныстар айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің бейнеконференция қалыбында өткен он сегізінші шұғыл отырысында: "Бүгінгі отырысты осы ұйымға мүше елдердің Құран және ислам дінінің құндылықтарына құрметсіздік көрсетумен күресуге бағытталған бұрынғы талпыныстарының жалғасы деп бағалауға болады",-деді.

Ол: "Діндер, соның ішінде исламға құрметсіздік көрсетудің алдын алу барша жұрттың мүддесіне сай. Кейінгі кезде Швеция мен Данияда орын алған ащы оқиғалар ислам елдері үшін ұжымдық жауапкершілік тудырды. Олар Еуропа елдеріне осындай арандатушы әрекеттерді доғарып, қылмыскерлерді заң бойынша жазаласын деп қысым жасауы тиіс",-деді.  

Амир Абдуллахиан: "Осы салада ИИР-дың төмендегідей бірнеше ұсынысы бар",-деді.

Біріншіден, Ислам ынтымақтастық ұйымы делегациясын осы ұйымның бас хатшысымен бірге Швеция мен Данияға жіберу және осы елдің ресми басшыларымен кездесу, ислам үмбетінің соңғы ащы оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізіп, осындай жиіркенішті әрі исламофобиялық әрекеттерді жасағандарды жазалау және қылмыскерлерді ислам елдерінің сот органдарына тапсыру.

Екіншіден, Ислам ынтымақтастық ұйымының исламдық фикһ ассамблеясы осы маңызды мәселені шұғыл қарастырып, осындай әрекеттердің ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде шынайы және виртуалды кеңістіктерде қылмыс деп саналуы үшін тиісті шешім қабылдауды күн тәртібіне қою, қазіргі жағдайды қалыптандыру үшін тараптардың діни ұйымдарының жоғары әлеуеттерін пайдалану мақсатында Швеция мен Данияда немесе тіпті Еуропа одағында түрлі діндердің жетекшілерімен дінаралық диалог өткізу.

Амир Абдуллахиан: "ИИР Құран кітабын қорлауды қатаң айыптай отырып, ислам елдерінің бірлесіп, әсерлі алдын алу шараларын атқаруы керегін айтып, ислам мен басқа да илаһи діндерге қарсы қорлау әрекеттерінің қайталанбайтынына сенімділік тудыру керегін баса айтады",-деді.