Там 03, 2023 21:58 Asia/Almaty
  • Путин: Украина мен Батыс елдері Ресейге қатысты барлық нәрсені жоюды көздеп отыр

Ресей Президенті Киев үкіметі мен Батыс елдерінің Украинада орыс тілі, әдебиеті мен болмысын жоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Al-Jazeera-ның хабарлауынша, Владимир Путин: "Украина мен Батыс елдерінің қазіргі саясаты – Ресейге қатысты барлық нәрсені жою",-деп мәлімдеді.  

Путин үкімет отырысында: "Біз Донецк, Луганск, Херсон мен Запорожье облыстарын Ресейге қосып алу үшін тиісті шаралар атқардық. Бұл өңірлерде орыстар мен орыстілділер өмір сүріп жатқанын көрдік. Олар Ресейден бөлініп қалса да, ешқашан бұл аймақтан кетпей, өз тілі мен болмысын сақтап қалған",-деді.

Путин Киев үкіметінің орыстарға қарсы әрекеттеріне тоқталып: "Бұл Украинаның қазіргі үкіметінің орысша кітаптарға тыйым салып, тіпті орысша кітаптарды кітапханалардан жинап алуға бағытталған талпыныстарынан байқалады",-деді.    

Тегтер