Трюдоның әйелімен ажырасуы Канада халқы үшін есеңгірететін жаңалық болды
(last modified Thu, 03 Aug 2023 16:59:35 GMT )
Там 03, 2023 22:59 Asia/Almaty
  • Трюдоның әйелімен ажырасуы Канада халқы үшін есеңгірететін жаңалық болды

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Instagram парақшасында ресми түрде әйелінен ажырасқаны туралы хабарды растады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трюдоның әйелімен ажырасуы Канада халқы үшін есеңгірететін жаңалық болды, өйткені бұл жұп Трюдоның текетіреске толы саяси қызметі барысында тату жанұя сияқты көрініп келген.

Үш ай бұрын Джастин Трюдо әйелімен қол ұстасып Лондонның Вестминстер сарайында Чарлз III патшаның тәж кию рәсіміне қатысқан болатын.

Трюдо ажырасу хабарын жариялау барысында халықтан "балаларының тыныштығын сақтау" үшін оның жанұясының жеке кеңістігіне құрметпен қарауды сұрады.