Ұлыбританияда мұсылмандар мен ислам ұйымдарына тиесілі банк есеп-шоттары жабылды
(last modified Fri, 04 Aug 2023 15:04:22 GMT )
Там 04, 2023 21:04 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда мұсылмандар мен ислам ұйымдарына тиесілі банк есеп-шоттары жабылды

Ұлыбританияның мұсылмандар кеңесі осы елдің Премьер-министрі, Қаржы министрі, түрлі партиялардың жетекшілеріне хатында мұсылмандар мен ислам ұйымдарына тиесілі банк есеп-шоттарының жабылуына қатысты терең алаңдаушылық білдірді.

Бұл кеңес: "Мұсылмандардың банк есеп-шоттарын жабу механизмінің бейтарап қарастырылуын және соған қатысты ашық есеп берілуін талап етеміз",-деп мәлімдеді.

Ұлыбританияның қаржы істері басқармасының хабарлауынша, мұсылмандар – ел бойынша банкі жоқ жалғыз діни топ. Азаматтық қоғам белсенділері мен мұсылмандардың қайырымдылық қорларының есеп-шоттарының көбі ешбір түсінік бермеусіз жабылды.  

Ұлыбритания мұсылмандары кеңесінің мәлімдеуінше, мұсылмандардың есеп-шоттары олардың саяси көзқарастарына, әсіресе Палестинаны қолдағанына байланысты бұғатталды.