АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеуге қатысты дөрекілігіне жауап беру қажет
(last modified Tue, 10 May 2016 12:07:51 GMT )
Maм 10, 2016 18:07 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеуге қатысты дөрекілігіне жауап беру қажет

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеудегі қарақшылығы барлық халықаралық заңдарға қайшы. Бұл ел өткел басындағы ұрлықшыға ұқсайды»,-деді.

АҚШ-тың Жоғары соты өткен 20 сәуірде осы елдің соттарының лаңкестік қылмыстардың құрбандарына қатысты арыздарды қарастыру үшін Иранның бұғатталған активтерін өтемақы төлеуге пайдалана алатынын растады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Мәжілістің ашық отырысының басында АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеудегі қарақшылығын қатаң айыптап: «АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеуге қатысты дөрекілігін жауапсыз қалдырмауымыз керек»,-деді.

Лариджани: «Иранның Сыртқы істер министрлігі Гаагадағы Халықаралық әділет сотына арыз жазып, Ұлттық қауіпсіздік комиссиясы АҚШ-тың Иранның мал-мүлкін тәркілеуі мәселесін байыпты түрде талқылауы тиіс»,-деді.

ИИР СІМ АҚШ-тың Жоғары сотының Иранға қарсы үкімін айыптап, оны халықаралық құқықтардың принциптеріне қайшы деп атап, бұл үкімнің америкалық азаматтарға ешқандай құқық бермейтінін, тек Иранның мал-мүлкіне қол сұғу болып саналатынын баса айтты.