Путин қара тізімдегі шетелдіктердің активтерін бұғаттауға бұйрық берді
(last modified Sun, 06 Aug 2023 08:32:30 GMT )
Там 06, 2023 14:32 Asia/Almaty
  • Путин қара тізімдегі шетелдіктердің активтерін бұғаттауға бұйрық берді

Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні бір заңға қол қойып, осы елдің қара тізіміне енгізілген шетелдіктердің активтерін бұғаттауға бұйрық берді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы заңға сәйкес қара тізімге енгізілген шетелдік үкіметтер, ұйымдар мен азаматтардың активтері, азаматтығы жоқ адамдар және құқықтық тұлғалардың есеп-шоттары бұғатталады.

Бұған дейін Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің мәлімдеуінше, Мәскеу Ресеймен достық қарым-қатынас жасамайтын АҚШ пен Еуропа одағында тіркелген компаниялар мен сот органдарына қатысты ұйымдардың активтерін бұғаттап, мемлекет есебіне тәркілейді.

Украинаға шабуыл басталғалы бері Батыс елдері Ресейдің Орталық банкінің шет елдердегі 330 млрд доллардан аса қаражатын тәркіледі.