Батыс елдері Зеленскийді Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейді
(last modified Sun, 06 Aug 2023 11:39:49 GMT )
Там 06, 2023 17:39 Asia/Almaty
  • Батыс елдері Зеленскийді Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейді

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Зеленский Батыс елдерінің оны Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейтінін түсінді.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың The New York Times газеті өткен сәрсенбі күні өз мақаласында: "Зеленский өз дипломаттарына алдағы айларда бейбіт диалогқа жол ашуға қысымдар күшейетіндіктен жағдай қиындайтынын ескертті",-деп жазды.

Саяси бақылаушылардың айтуынша, Украина үкіметі Батыс елдерінің қолдауын сақтап қалуда қиыншылықпен бетпе-бет келіп отыр, өйткені Украина үшін контр-шабуылдардың шығыны көп болып тұр, үміт сыйлар нүктеге жетпеді. Сол себепті Киев соғысты жалғастыру үшін жаңа одақтастар табуы керек.