Украинаға қатысты Джидда халықаралық отырысы қорытынды мәлімдемесіз аяқталды
(last modified Sun, 06 Aug 2023 12:47:13 GMT )
Там 06, 2023 18:47 Asia/Almaty
  • Украинаға қатысты Джидда халықаралық отырысы қорытынды мәлімдемесіз аяқталды

Украина соғысын тоқтатуға арналған Джидда халықаралық отырысы бірнеше сағаттық диалогтан кейін күткеніміздей қорытынды мәлімдемесіз аяқталды.

Бұл отырыс шамамен 40 ел өкілінің қатысуымен, бірақ Ресей өкілдерінің қатысуынсыз өтті.

Джидда халықаралық отырысы Украина соғысын тоқтату үшін бейбіт шешім жолына қол жеткізу туралы сөйлесу мақсатында Сауд Арабиясы үкіметінің ұйымдастырумен Джиддада өтті.

Украиналықтардың айтуынша, бұл отырыс Джидда қаласында әлемнің шамамен 40 ел өкілінің қатысуымен өтті.  

Қатысушылардың айтуынша, отырыс делегациялардың бірнеше сағаттық талқылауынан кейін сенбі кешке қорытынды мәлімдемесіз аяқталды. Бірақ осы отырысқа қатысқан кейбір делегациялар жексенбі, 6 тамызда басқалармен екіжақты кездесулер өткізеді.

Бұған дейін жарияланғандай, Джиддадағы екікүндік отырыстарға Ресей өкілдері қатыспайды. Бірақ Кремль бұл отырыстарды жіті бақылайтынын мәлімдеді.