Каземи Құми: АҚШ Ауғанстанды көршілес елдер үшін дағдарысты аймаққа айналдырғысы келеді
Ауғанстандағы ИИР елшісі: "АҚШ Ауғанстанды көршілес елдер үшін дағдарысты аймаққа айналдырғысы келеді",-деді.
Хасан Каземи Құми IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Кешегі басқыншылардың саясатында Ауғанстанда тұрақсыздықты жалғастыру маңызды болып отыр. Өйткені бұл ел көршілері үшін бір дағдарысты аймаққа айналуы керек. Ал аймақ елдері Ауғанстанның тұрақтылық, тыныштық пен жасампаздыққа қарай қозғалуын қалайды",-деді.
Ауғанстандағы Иран елшісі: "Америкалықтар 20 жылдық басқыншылықтан кейін жеңіліс тауып, өз әскерилерін бұл елден алып кетуге мәжбүр болды. Олар бүгін Ауғанстанда өз әскери күштерінің орнына ДАИШ сияқты лаңкестік топтарды ұйымдастырды",-деді.
Каземи Құми: "АҚШ Ауғанстанда тұрақтылық болуын, оның экономикасы, саудасы мен қауіпсіздігінің нығаюын қаламайды. Өйткені егер осы елде тұрақтылық орнаса, Қытай сияқты елдерден инвестиция тартылады. АҚШ Қытаймен бәсекелес екені айқын",-деді.