Амир Абдуллахиан Преторияға барды
Там 10, 2023 21:31 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі алғашқы екікүндік сапарда ОАР мен Иранның ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 15-ші отырысына қатысу үшін ирандық делегацияны бастап осы ел астанасы Преторияға барды.
Амир Абдуллахиан осы сапарда ОАР Президенті және Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасады.
Амир Абдуллахиан Теһраннан Преторияға барар алдында тілшілерге берген сұхбатында: "Коронавирус басталғаннан үш жыл өткен соң алғаш рет Преторияда ОАР мен Иранның ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 15-ші отырысы өтеді. Осы отырыста ОАР Президенті және Сыртқы істер министрімен екіжақты қарым-қатынас және кейбір халықаралық мәселелер талқыланады",-деді.
Тегтер