Голливудта жазушылар ереуіліне 100 күн болды
https://itolqyn.com/news/world-i71666
Мықты сценаристер ассоциациясы (WGA) және студиялар мен стрим платформалары басшыларының арасындағы текетірес 3 айдан асты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 10, 2023 23:42 Asia/Almaty
  • Голливудта жазушылар ереуіліне 100 күн болды

Мықты сценаристер ассоциациясы (WGA) және студиялар мен стрим платформалары басшыларының арасындағы текетірес 3 айдан асты.

Осы әлеуметтік қозғалыс басталғалы бері қос тарап әрең дегенде келіссөз бастады. Қаңтардың ортасында ұқсас талаптары бар әртістер ереуілге қосылғаннан кейін дағдарыс күшейе түсті.

Голливуд 1960 жылдан бері мұндай әлеуметтік қозғалысты көрмеген болатын.

Сценаристер ассоциациясы сәрсенбі күні France Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Сценаристердің қисынды ұсыныстарын талқылаудан бас тарту ереуілдің 100 күнге созылуына себеп болды. Оның қалай аяқталатыны әлі белгісіз",-деді.