Иран СІМ елдің тәркіленген активтерін босату туралы мәлімдеме жасады
Иран СІМ елдің тәркіленген активтерін босату және АҚШ тарапынан заңсыз қамалған бірқатар тұтқынды азат ету туралы мәлімдеме жасады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің мәлімдемесінде: "АҚШ тарапынан Оңтүстік Кореяда заңсыз бұғатталған ИИР-дің бірнеше миллиард долларын шығару үдерісі басталды. Иран АҚШ-тың осы мәселеде өз міндеттемелеріне берік болатынына тиісті кепілдік алды",-делінген.
Иран СІМ-нің мәлімдемесінде: "Шетелдік банктер АҚШ-тың залым санкцияларынан қорыққаннан заңсыз бұғатталған немесе қолдануы қиындаған ИИР активтерін босату және қаржылық шектеулерді жою әрдайым күн тәртібінде тұр",-делінген.
АҚШ тарапынан заңсыз қамалған бірқатар тұтқын жуырда босатылады.
Мәлімдеменің соңында АҚШ сұратқан тұтқындардың әлі Иранда қамауда жатқаны айтылған.