Там 11, 2023 22:34 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея: Иранның бұғатталған активтерін босату оңай шешіледі деп үміттенеміз

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі Теһран мен Вашингтонның Ирандағы америкалық тыңшыларды азат ету туралы келіскеннен кейін Иранның Оңтүстік Кореяда бұғатталған активтеріне қатысты мәселе оңай шешіледі деп үміттенеміз.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі бүгін, жұма мәлімдеме жасап: "Теһран үкіметінің өз 6 млрд долларын Оңтүстік Кореядан шығарудың есесіне 5 америкалық тыңшыны босатуға келіскені туралы ақпарат жоқ",-деді.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі: "Сеул үкіметі АҚШ және Иран басшыларымен Иранның бұғатталған активтеріне қатысты мәселесін шешу туралы кеңесіп жатыр. Бұл мәселе бейбіт шешіледі деп үміттенеміз",-деп мәлімдеді.

 

Тегтер