Ресей Украинаның 20 дронын құлатты
Там 14, 2023 23:16 Asia/Almaty
Ресей басшылары:"Осы елдің әуе-қорғаныс кешені Украина ұшқышсыз ұшақтарының ізіне түсіп, 20 дронды құлатты",-деп мәлімдеді.
Ресей басшылары Украинаның соңғы шабуылдарына қарымта жауап беруге уәде етті. Олардың айтуынша, Украина Қырым түбегінде бір көпірді нысанаға алды.
Бұл шабуылдар Мәскеуге үш күн бойы дрондар шабуылы жасалғаннан кейін орын алды. Мәскеу әкімі: "Қалаға шабуыл жасаған бір дрон нысанаға алынып, жойылды",-деп мәлімдеді.
Украина басшылары мұндай шабуыл жасағанын сирек мойындайды. Бірақ қабілеті жоғары дрондар жасауға жоспар құрып отырғанын айтады. Сондықтан болашақта Ресейдің қалалары мен кемелеріне көбірек шабуыл жасалады деп күтуге болады.
Тегтер