Ресей өзінің сүңгуір қайықтарын ультрадыбыстық зымырандармен жабдықтайды
Ресейдің "Циркон" атты суасты ультрадыбыстық зымырандарының ұшу ұзақтығы – шамамен 900 км. Ол дыбыс жылдамдығынан 7 есе көп жылдамдықпен қозғалады. Мұндай зымырандарға қарсы тұру өте қиын.
Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің ең ірі кеме жасау зауытының директоры РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ресей өзінің жаңа сүңгуір қайықтарын "Циркон" суасты ультрадыбыстық зымырандарымен жабдықтай бастады",-деді.
Ресейдің "Юнайтед" ең ірі кеме жасау зауытының директоры Алексей Рахманов: "Ясень-М" типіндегі көпмақсатты сүңгуір қайықтар "Циркон" зымырандық жүйелерімен жабдықталады",-деді.
Алексей Рахманов: "Ресейдің ядролық сүңгуір қайықтарын заманауи зымырандық жүйелермен жабдықтау үдерісі осыдан біраз бұрын басталған",-деді.