Ауғанстанның Хост қаласында жарылыс болды
https://itolqyn.com/news/world-i71750
Ауғанстанның шығысында орналасқан Хост қаласында болған бүгінгі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 15, 2023 00:38 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның Хост қаласында жарылыс болды

Ауғанстанның шығысында орналасқан Хост қаласында болған бүгінгі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Кабулдың қауіпсіздік басқармасының баспасөз өкілі Халид Задран бүгін Хост облысының әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп: "Хост қаласындағы Ақ мешітке жақын жердегі бір қонақ үйде жарылыс болды. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды",-деп хабарлады.

Халид Задран: "Қаза болғандар мен жараланғандар – Пәкістаннан келген босқындар мен Хосттың тұрғындары. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды",-деді.

Задранның айтуынша, жарылыстың қалай болғаны әлі белгісіз, бірақ тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.