Иран Йеменнің жағалауында Safer танкерінен мұнай алу амалдарының аяқталғанын хабарлады
https://itolqyn.com/news/world-i71768-Иран_Йеменнің_жағалауында_safer_танкерінен_мұнай_алу_амалдарының_аяқталғанын_хабарлады
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Йеменнің Ходейда айлағына жақын суларда Safer танкерінен мұнай алу амалдарының сәтті аяқталғанына ризалық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 15, 2023 23:27 Asia/Almaty
  • Иран Йеменнің жағалауында Safer танкерінен мұнай алу амалдарының аяқталғанын хабарлады

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Йеменнің Ходейда айлағына жақын суларда Safer танкерінен мұнай алу амалдарының сәтті аяқталғанына ризалық білдірді.

Safer танкері Ходейда қаласындағы Рас Иса айлағына жақын жерде зәкір тастағанына шамамен 5 жыл уақыт өтті. Онда 1 млн-нан аса баррель "Мариб" жеңіл мұнайы болды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні: "Үш жыл бұрын ИИР экологиялық қатерді жою үшін БҰҰ-ға йемендіктер және осы халықаралық ұйымның бақылауымен ерікті түрде және өзінің қаражатына мұнайды тасымалдауға дайын екенін жариялады",-деді.

Насер Канани БҰҰ мен Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің талпыныстарына алғыс айтып: "Гуманитарлық және экологиялық апаттардың алдын алу үшін жасалған шаралар Йемендегі қоршауды толық жоюға бастама бола алады",-деп үміт білдірді.