Амир Абдуллахиан: Иранға санкция салу Еуропаның мүддесіне сай келеді
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен АҚХА-нің дұрыс бағытта әріптестік жасап жатқанын айтып: "Иранға қарсы санкция салуға бағытталған тиімсіз саясатты жалғастыру Еуропаның мүддесіне сай келеді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельмен телефон арқылы сұхбатында санкция салуға қатысты тиімсіз саясатты жалғастырудағы Еуроодақтың деструктивті қатынасын сынап: "Санкция – ИИР мен Еуропа қарым-қатынасында достыққа жатпайтын әрекет",-деді.
Амир Абдуллахиан Украинадағы өзгерістер туралы: "ИИР сыртқы саясатта ешкіммен сыпайласып тұрмайды. Бұған дейін жариялағандай, Палестинаны қолдайды. Украинадағы дағдарыс тек саяси жолмен шешіледі деп санайды. Ирандық дрондардың Украинаға қарсы қолданылғаны туралы айыптар толық негізсіз. Украина осы күнге дейін аталмыш уәжді растайтын еш дерек ұсынбады",-деді.
Жозеп Боррель де ИИР мен аймақ елдерінің қарым-қатынасында қол жеткізілген жетістіктерге ризалық білдіріп: "Иран мен Еуропа арасындағы кейбір түсініспеушіліктерді диалог арқылы шешуге болады",-деді.