БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Thu, 17 Aug 2023 17:40:47 GMT )
Там 17, 2023 23:40 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ресми мәлімдеме жасап, Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасы болып отырған АҚШ тұрақты өкілінің бастамасымен қабылданған мәлімдемеде: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Шираздың Шахшырақ кесенесіндегі жазықсыз халық пен зияратшыларға жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуылды қатаң айыптады",-делінген.

Осы мәлімдемеде: "ДАИШ мойнына алған лаңкестік шабуылда 2 ирандық қаза тауып, 8 жазықсыз адам жараланды",-делінген.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер ИИР үкіметі мен құрбандардың жанұяларына қайғыра көңіл айтып, жарақат алғандарға толық сауығып кетуді тілеп: "Терроризм – кез келген қалыпта халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлердің бірі",-деп баса айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер лаңкестік шабуылдарды орындаушылар, ұйымдастырушылар, қаржымен қамтамасыз етушілер мен демеушілерді жауапқа тарту керегін айтып, барлық елдерден халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары негізіндегі өз міндеттемелеріне сәйкес ИИР үкіметі және басқа да органдармен белсенді әріптестік жасауға шақырды.