АҚШ әскерилерін Чехияда орналастыру ықтималы күшейді
(last modified Thu, 17 Aug 2023 18:58:23 GMT )
Там 18, 2023 00:58 Asia/Almaty
  • АҚШ әскерилерін Чехияда орналастыру ықтималы күшейді

Чехия Премьер-министрі АҚШ-пен әскери хаттамаға қол қойып, осы елдің әскерилерін Чехияда орналастыру үдерісін жеңілдетті.

Чех республикасы АҚШ-пен әскери хаттаманы бекітті. Бұл хаттама екі елдің әскери әріптестігін кеңейтеді және америкалық күштерді Чехияда орналастыруды жеңілдетеді.

The Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланың хаттамаға қол қоюы АҚШ-пен әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекіту үдерісінде соңғы қадам болды.

Чехия Президенті бұған дейін осы хаттаманың орындалуына келісім берді. АҚШ күштерін орналастыру бұрынғыдай Чехия үкіметі мен парламентінің растауын қажет етеді.  

Осы мәлімет бойынша, Ресейдің Украинаға шабуылы барысында бұл құжат америкалық күштерді Чехияда ықтималды орналастыру үшін заңды шеңбер белгілеп берді.

АҚШ НАТО-ның басқа 24 мүшесі, соның ішінде Польша, Словакия, Венгрия, Литва, Латвия, Эстония, Румыния және Болгариямен осы альянстың шығыс тармағын құрды.